04.05.2022
794 cапарлар
Fingramota.kz жобасының шеңберінде мектептер мен жоғары оқу орындарында қаржылық сауаттылық апталықтары өтуде

Алаяқтық пен қаржы пирамидасын қалай ажыратуға болады, бюджетті жоспарлау не үшін қажет, қор нарығы мен кредиттік тарих дегеніміз не, сондай-ақ өзіңнің қаржылық сауаттылық деңгейіңді арттыру не үшін керек – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (Агенттік) өкілдері Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА), ҚР Бас прокуратурасы, ҚМҚҰҚ, БЖЗҚ, KASE, Бірінші кредиттік бюро, «KMF-Демеу», Алматы қ. Медеу ауданы әкімдігі мен Rahym қоғамдық қорымен бірлесіп, оқушылар мен студенттер үшін осы тақырыптар бойынша қысқаша сабақ өткізді.

Қаржылық сауаттылық апталығы 2022 жылғы 20 сәуірде Алматы қ. «Тұран» университетінің алаңында басталып, онда қаржылық сауаттылық бойынша дөңгелек үстелдер мен олимпиада өтті.

Ағымдағы жылғы 25 сәуірден бастап қаржы реттеушісінің өкілдері кредиттік жауапкершілікті арттыру және алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл тақырыбы бойынша қазақстандық университеттер мен колледждердің студенттерімен кездесулерге қатысты.

«Қазіргі жастардың технологиялық прогрестен қалмай, ИТ-технологияларды жақсы білетіндігіне қарамастан, олар өздерінің аңғалдығы мен абайсыздығы салдарынан алаяқтардың қармағына ілініп жатады және оларды қаржы пирамидаларына тарту оңайға соғады. Балалар мен студенттер қаржы алаяқтарына жиі алданып қалады. Сондықтан, қаржылық сауаттылықты меңгеруді ерте жастан бастау керек!», - деп есептейді Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры А. Терентьев.

Ол дәрістер форматындағы оқыту іс-шаралары Қаржылық сауаттылықты арттырудың 2020 – 2024 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында өткізіліп жатқанын және Қазақстанның барлық өңірлерінде тұрақты түрде өтетінін айтты.

Сондай-ақ, А.Терентьев жалпы білім беретін мектептерде алғаш рет 2022 жылғы 29 сәуірден бастап Агенттіктің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен және ҚМА-мен бірлесіп ұйымдастырған балалардың киберқауіпсіздігі бойынша тақырыптық сағаттардың өткенін айтты. Алғашқы сабақтар Алматы қаласындағы мемлекеттік және жекеменшік мектептерде 5-11 сынып оқушылары үшін өткізілді. Оқушыларға цифрлық гигиена, Интернеттегі алдаудың негізгі жолдары, қаржы пирамидаларының белгілері туралы айтылды.

Қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған іс-шараларға тыңдаушы немесе дәріскер ретінде қатысқыңыз келсе, Агенттікке +7 727 237 1000 нөмірі бойынша Call-орталық арқылы немесе Fingramota Online мобильдік қосымшасы арқылы хабарласуыңызға болады, оны мына сілтемелерден жүктеп алуға болады:

Соңғы жаңалықтар
30.11.2025
Бизнесті несиелеу 16%-ға ұлғайды: өсімнің негізгі қозғаушы күші – орта және ірі кәсіпорындар
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2025 жылдың 9 айында кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеуге шолу ұсынады.
30.11.2025
Өмірді сақтандыру секторы 25% өсім көрсетіп, сақтандыру нарығының негізгі драйверіне айналды
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2025 жылдың 9 айындағы қазақстандық өмірді сақтандыру нарығына шолу ұсынады.
25.11.2025
ҚҚС пен КТС арқасында республикалық бюджет кірісті 1,4 трлн-ға ұлғайтты
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2025 жылдың 9 айындағы ҚР бюджет балансына шолу ұсынады.
25.11.2025
Қолма-қол ақшасыз төлемдер ₸135,2 трлн немесе ЖІӨ-нің 136%-на жетті
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2025 жылдың 9 айындағы қолма-қол ақшасыз карточкалық операциялар бойынша статистикаға шолу ұсынады.
17.11.2025
Ерікті мүліктік сақтандыру жалпы сақтандыру секторының барлық сыйлықақыларының 70% құрайды
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2025 жылдың 9 айындағы қазақстандық жалпы сақтандыру нарығына шолу ұсынады.
11.11.2025
Сарапшылар ақша-несие саясатының өзгеруін кідіртуді күтуде: инфляциялық күтулер төмендейді, бағам нығайды, нақты мөлшерлеме жақсарады
ҚҚҚ талдау орталығы сіздердің назарларыңызға 2025 жылғы қарашадағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасының нәтижелерін ұсынады.