Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы Әзірбайжан банктер қауымдастығымен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
Бакудегі Fintex Summit 2025 алаңдарында қол қойылған құжатқа сәйкес, тараптар ҚҚҚ мен ӘБҚ арасындағы ынтымақтастықты жолға қоюға, Қазақстан мен Әзірбайжанның қаржы қауымдастықтары арасындағы әріптестікке жәрдемдесуге және екіжақты байланыстарды дамытуға, семинарлар мен білім беру бағдарламаларын қоса алғанда, банк саласында бірлескен іс-шараларды өткізуге көмектесуге, салалық ақпаратпен алмасуға және Қазақстан мен Әзірбайжанда өз қатысушы банктерінің бизнесін дамыту үшін байланыс арнасын ұйымдастыруға өзара ниет білдірді.